Hyundai Qaragandy
Қарағанды қ., Есептік тоқсан 134, учаске 939

to-kz

Автокөлігіңіздің сынбай жұмыс істеуі үшін пайдалану нұсқаулығының талаптарына сәйкес жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетуді, соның ішінде «Бір айдан кейін ТҚ» жүргізу керек.

Мерзімдік техникалық қызмет көрсетуді Hyundai компаниясының ресми Дилерлері жүргізуі тиіс, олар туралы ақпаратты сервистік кітапшада таба аласыз.

Техникалық қызмет көрсетудің белгіленген аралықтарынан ең жоғары ауытқу 1000 км немесе 1 айдан аспау керек (қайсысы бұрын болатынына қарай).

Кезекті техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін күні мен жүріп өткен жолы автокөлікке ұсынылатын кепілдіктің басталу күнінен тиісті мерзімді және жүріп өткен жолды есептеу (қайсысы бұрын болатынына қарай) арқылы анықталады. Осылайша Техникалық қызмет көрсетуді «уақыт бойынша» және «жүріп өткен жолы бойынша» (қайсысы бұрын болатынына қарай) жүргізу режимі бар.
Автокөлікті қолдану шарттары техникалық қызмет көрсетуді «уақыт бойынша» жүргізу режимін «жүріп өткен жолы бойынша» режиміне немесе кері ауыстыруға негіз берсе, мына принципті басшылыққа алу керек: әдеттегі жағдайларда техникалық қызмет көрсету арасындағы аралық, қайсысы бұрын болатынына қарай, 10 мың км шамасынан немесе 12 айдан аспауы тиіс.
Трансмиссияның тораптары және автокөліктің қозғалтқышы әр кез суға түскеннен кейін, мысалы су кедергілерінен өткен кезде, тиісті тораптың майын ауыстырып отырған жөн.

Кезеңдік техникалық қызмет көрсетудің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы, соның ішінде осындай техникалық қызмет көрсету жүргізілген сәтте Техникалық қызмет көрсетуді Hyundai ресми Дилері орындамаса, кепілдік бойынша жөндеу жүргізуден бас тартуға әкеп соғуы мүмкін.

«Бір айдан кейін ТҚ» – бұл, сізбен келісім бойынша қосымша пайдаланылатын кез келген шығыс материалдарын, сұйықтықтарды, қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ оларды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, жаңа автокөлікті сатып алған сәттен бастап 1 (бір) ай өткеннен кейін немесе 1000 (бір мың) км жол өтілгеннен кейін Hyundai автокөлігі үшін тегін көрсетілетін қызмет.

«Бір айдан кейін ТҚ» өткен кездегі жұмыстар тізімі.

«Бір айдан кейін ТҚ» өткен кезде автокөліктердің келесі жүйелері мен агрегаттары тексеріледі.

  • мотор майы мен қозғалтқыштың май сүзгісі;
  • тежеуіштердің және ілінісу жетегінің гидравликалық жүйесінің сұйықтығы;
  • қозғалтқыштағы салқындатқыш сұйықтығы;
  • автоматты БҚ-дағы май (2WD және 4WD));
  • аспалы агрегаттардың жетек белбеулері мен жетек белбеулерінің роликтері;
  • жоғары вольтті сымдар
  • автокөліктің барлық жүйелерінің құбыршектері мен келте құбырлары;
  • аккумулятор батареясы;
  • рульдің гидравликалық күшейткішінің сұйықтықтығы;
  • аспаның бөлшектері(тозаңдықтарды қоса алғанда), шар топсалары, бекіту элементтері;
  • жетектер топсаларының (БЖБТ) қаптары, тозаңдықтары
  • руль жетегінің топсалары, қаптары, тозаңдықтары;
  • кардан білігінің топсалары (айқыштары) мен бекіту элементтері;
  • қозғалтқыштың шығару жүйесі (бітеулігі);
  • ілінісу және тежеуіш жетегі педальдерінің еркін жүрісі;
  • тұрақ тежеуішінің жетегі;
  • дөңгелектер, шиналар (бекіту элементтердің қысымы, тозуы, тарту сәті);
  • отын жүйесінің құбырлары (бітеулігі);
  • есіктер құлыптары, ілмектері, бекіткіштері.;
  • әйнектазалағыштар, әйнекжуғыштар, фаражуғыштар;жарық аспаптары,
  • жарық және дыбыстық сигнал беру аспаптары.