Hyundai Qaragandy
Қарағанды қ., Есептік тоқсан 134, учаске 939

Құрметті келушілер, «Дилерлік орталыққа келу ережелерімен» таныс болыңыздар. Орталықта өткізетін уақыттарыңыз қауіпсіз және барынша жайлы болуы үшін «Дилерлік орталыққа келу ережелерін» сақтауларыңызды сұраймыз. Келушілердің қауіпсіздігін және тәртіпті қамтамасыз ету үшін дилерлік орталық келушілерді және олардың іс-әрекеттерін тіркейтін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған;

 

Орталықта уақыт өткізу қауіпсіздігі мен жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында осы «Дилерлік орталыққа келу ережелері» дилерлік орталығының ішіндегі және/немесе аумағындағы барлық келушілердің жалпы жүріс-тұрыс тәртібін реттейді.

 

  1. Дилерлік орталық аумағына келушілер тек арнайы жабдықталған кіру/шығу есіктері арқылы ғана кіре алады және онда дилерлік орталықтың жұмыс уақытында ғана (жұмыс режимін ескеріп) бола алады.
  2. Дилерлік орталыққа келу кезінде ескерту белгілеріндегі, нұсқағыштардағы, нұсқаулардағы немесе басқа да таңбалардағы талаптарды орындауға кеңес береміз;
  3. Өз денсаулығыңызға/өміріңізге және өз мүлкіңізге өзіңіз қамқорлық жасауға кеңес береміз. Дилерлік орталықтың ішінде және/немесе аумағында, көрсетілімге қойылған автокөлікте жеке заттарыңызды қалдырмауыңызды өтініп сұраймыз, дилерлік орталық әкімшілігі қалдырылған заттарға жауап бермейді;
  4. Өзіңізге және айналаңыздағы адамдарға қауіп төндірмейтіндей әрекет етуді, зиян келтірмеуді, құқықтар мен заңды мүдделерді бұзбауды өтінеміз;
  5. Кәмелетке толмаған балалар өз денсаулығына, дилерлік орталықтың мүлкіне, оның қызметкерлеріне, келушілерге және басқа да адамдарға зиян келтірмеуі үшін оларды қадағалауыңызды өтініп сұраймыз.
  6. Дилерлік орталық әкімшілігінің, күзет қызметкерлерінің, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін уәкілетті тұлғалардың нұсқауларын назарға алуды және орындауды; әкімшілік және/немесе күзет қызметкері талап еткенде немесе өрт дабыл беру жүйесі мен басқа да қауіп-қатерді хабарлау дабылы іске қосылғанда дилерлік орталық аумағынан кетуді өтінеміз;
  7. Белгіленген өртке қарсы, лаңкестікке қарсы, қоғамдық, санитарлық қауіпсіздік талаптарын және Қазақстан Республикасының қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасында қарастырылған басқа да талаптарды орындауды өтінеміз;
  8. Келушінің(-лердің) немесе басқа тұлғалардың денсаулығына, өміріне, мүлкіне залал келтіруге себеп болатын/себеп болған іс-әрекеттер және/немесе оқиғалар және/немесе жағдайлар туралы дилерлік орталықтың қызметкерлерін және/немесе дилерлік орталық күзетінің қызметкерлерін дереу хабардар етуді сұраймыз;
  9. Дилерлік орталықтың тек арнайы бөлінген және белгіленген орындарында ғана темекі шегуге болады;  
  10. Дилерлік орталықтың автотұрағында көлік құралдарыңызды арнайы белгілердің талаптары мен шектеулеріне сәйкес қоюды өтініп сұраймыз. Велосипедтер мен өздігінен сырғанайтын құралдарды тек арнайы бөлінген орындарда қалдыру қажет;
  11. Дилерлік орталыққа келушілер жол жүру ережелерін сақтауы тиіс. Көлік құралдарыңызды дилерлік орталық автотұрағының тұраққа қоюға арналған орындарында дилерлік орталықтың жұмыс кестесінде көрсетілген уақытқа ғана қалдыруыңызды өтініп сұраймыз. Дилерлік орталық әкімшілігі жол жүру ережелерін бұзушылар туралы полиция қызметкерлеріне хабарлауға құқылы.

 

ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚҚА КЕЛУШІЛЕРГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

 

  1. Өз денсаулығын, өмірін немесе қауіпсіздігін, сондай-ақ айналасындағы адамдардың денсаулығын, өмірін немесе қауіпсіздігін қатерге тігуге болмайды;
  2. Кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қадағалауынсыз қалдырмаңыздар;
  3. Даулы жағдайлар туғызуға, ұрыс, төбелес, басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге бастамашылық етуге, оларға қатысуға, айналадағы адамдарға озбырлық көрсетуге, бұзықтық іс-әрекеттер жасауға, өзге келушілер мен дилерлік орталықтың қызметкерлерін құрметтемей, оларды қорлауға болмайды;
  4. Жүгіруге, секіруге және конструкцияларға (арақабырғалар, қабырғалар, бөгеулер және т.б.) мінуге рұқсат етілмейді;
  5. Дилерлік орталықтың ішінде роликті коньки, өздігінен сырғанайтын құралдар, велосипед, скейтборд, скутер (гидроскутер), сегвей және басқа да роликті және дөңгелекті техниканы, кауіпті болу себебінен, тебуге рұқсат етілмейді;
  6. Дилерлік орталық пен басқа келушілердің мүлкін бүлдіруге және/немесе сындыруға немесе басқалай зақымдауға тыйым салынады;
  7. Дилерлік орталықтың қызметтік бөлмелеріне немесе келушілер үшін жабық бөлмелерге кіруге рұқсат етілмейді;
  8. Дилерлік орталықтың ішінде және аумағында қоқыс шашуға немесе қалдыруға болмайды;
  9. Дилерлік орталық аумағына (аумақтарына) алкогольдік және әлсіз алкогольдік ішімдіктерді алып кіруге, ішуге, сондай-ақ кез келген есірткі заттарды, психотроптық заттарды немесе олардың Қазақстан Республикасында айналымы шектелген аналогтары мен прекурсорларын қабылдауға тыйым салынады;
  10. Дилерлік орталық аумағында қаңғырып жүруге және/немесе қайыр сұрауға болмайды;
  11. Дилерлік орталықтың ішіне жетелеуші иттерді, сондай-ақ арнайы тасымалдауыштарға салынған жануарларды қоспағанда, басқа жануарларды алып кіруге рұқсат етілмейді;
  12. Өрттің шығуына немесе жарылысқа әкелуі мүмкін, дилерлік орталықта сатып алынбаған заттарды (жанғыш және жарылғыш заттар, қопарғыш заттар, амуниция және т.б.) әкелуге тыйым салынады.
  13. Дилерлік орталық әкімшілігінің келісімімен көрсетілетін/сатылатын қызметтер мен тауарларды қоспағанда, дилерлік орталық ішінде немесе аумағында косметикалық заттарды, кәдесыйларды, сусындарды, тамақ өнімдерін, киім-кешекті, жарнамалық атрибутиканы және басқа да коммерциялық тауарларды сатып алуды ұсынуға және/немесе қандай да қызметтер көрсетуге тыйым салынады;
  14. Дилерлік орталық әкімшілігінің жеке жазбаша келісімінсіз дилерлік орталықтың ішінде немесе аумағында жарнамалық үндеухаттар, кітапшалар, буклеттер және/немесе басқа да ақпараттық/жарнамалық материалдар таратуға рұқсат етілмейді;
  15. Дилерлік орталықтың аумағында қандай да бір митингілерді, жиналыстарды және/немесе басқа да осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады;
  16. Дилерлік орталықтың әкімшілігімен алдын ала жазбаша түрде келісілмеген жарнамалық науқандар, сауалнамалар, қол жинау және/немесе басқа да науқандар өткізуге, сондай-ақ басқа да қызметтерді жүзеге асыруға болмайды;
  17. Дилерлік орталыққа тиесілі автомобильдердің салондарына кіріп, ішінен жауып алуға (соның ішінде есіктердің құлыптарын бұғаттау арқылы), дилерлік орталықтың ішінде көрсетілімге қойылған автомобильдердің қозғалтқышын іске қосуға тыйым салынады;
  18. Дилерлік орталық әкімшілігінің алдын ала жазбаша келісімінсіз және қызметкерлер мен келушілердің келісімінсіз дилерлік орталықтың қызметкерлерін және басқа келушілерді әуесқойлық фотоға және (немесе) видеоға түсіруге, сондай-ақ аудиоға жазып алуға болмайды, тек егер мұндай фото- және (немесе) бейнетүсірілім өндірушінің қызмет көрсетуі шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда (оның ішінде автомобильді беру рәсімі кезінде);

Дилерлік орталықтың ішінде және аумағында келушілерімізге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтаған жағдайда, тек жеке мақсатында ғана тауарларды (автомобильдер, қосалқы бөлшектер, аксессуарлар және осыған ұқсас заттар), прайс-парақтарды, буклеттерді, каталогтарды, кітапшаларды және осыған ұқсас заттарды фотоға және (немесе) видеоға түсіруге рұқсат етіледі;

  1. Дилерлік орталық қызметкерлерінің қадағалауынсыз және қауіпсіздік техникасы нұсқамасынан өтпей жөндеу аймағына кіруге және (немесе) онда болуға рұқсат етілмейді;
  2. Сатып алынған тауарлар үшін (автомобильдер, қосалқы бөлшектер, техникалық сұйықтықтар және т.с.с.), көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін ақшалай төлемдерді дилерлік орталықтың кассасынан тыс жерде жүргізуге тыйым салынады;
  3. Дилерлік орталық қызметкеріне (қызметкерлеріне) ақшалай (кез келген нысанда), бағалы қағаздар, несиелер, қызметтер түрінде, сондай-ақ, ойын-сауықты, демалысты, жол жүруді және басқа да шығындарды төлеу түрінде сыйақы беруге тыйым салынады;
  4. Көлік құралдарын жолаушыларды түсіруге/отырғызуға немесе басқа мақсаттарға арналған орындарға тұраққа қоюға болмайды.

 

АПАТТЫҚ ЖӘНЕ ЭКСТРЕМАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТТЕР

 

  1. Дилерлік орталықтың ішінде өрт дабыл беру жүйелері, автоматты өрт сөндіру жүйелері және аудио хабарламаларды, яғни дилерлік орталықта апат болған жағдайда немесе басқа да төтенше жағдай орын алғанда дилерлік орталыққа келушілер және/немесе басқа үшінші тұлғалар қалай әрекет ету керектігі туралы хабарламаларды тарататын аудиожүйелер (бұдан әрі – Жүйелер) орнатылған;  
  2. Бұл Жүйелерді өшіруге, үстіне бірдеңе жабуға немесе қызметін басқалай шектеуге қатаң тыйым салынады. Бұл Жүйелердің зақымданғанын байқаған жағдайда дилерлік орталықтың қызметкерлеріне немесе дилерлік орталықтың күзет қызметкерлеріне дереу хабарлау қажет;
  3. Дилерлік орталықта төтенше жағдай орын алған жағдайда, мысалы, дилерлік орталықтың ішінде өрт немесе жарылыс болған жағдайда, дүлей апаттар немесе апатты құбылыстар (қатты жел), диверсия немесе лаңкестік әрекет орын алған жағдайда, дилерлік орталыққа келушілер дилерлік орталықтың күзет қызметкерлерінің, полицияның, өрттен құтқару қызметінің және өзге қызметтердің немесе дилерлік орталықтың әкімшілігі қызметкерлерінің нұсқауларын орындауға міндетті;
  4. Өрт немесе түтін ошағын байқаған бетте, ол туралы дилерлік орталықтың қызметкерлеріне немесе дилерлік орталық күзетінің қызметкелеріне және өрттен құтқару қызметіне дереу хабарлау керек;
  5. Қараусыз қалдырылған күдікті заттарды, жарылғыш, химиялық немесе радиоактивті заттарды аңғарған жағдайда ол туралы дереу дилерлік орталықтың немесе дилерлік орталық күзетінің қызметкерлеріне хабарлау керек. Дилерлік орталық күзетінің және/немесе басқа қызметтің жұмыскерлері келгенге дейін қауіпті орынды қоршап қойыңыз, бірақ өз бетіңізше оқшаулау және зиянсыздандыру бойынша ешқандай әрекеттер жасамаңыз;
  6. Дилерлік орталықтың әкімшілігі ықтимал залалға және зиянға жол бермеу үшін жұмыскерлердің немесе дилерлік орталыққа келушілердің қауіпсіздігіне, денсаулығына және өміріне қауіп төнсе, соның ішінде өрт, жарылыс, газ шығу және басқа қауіптер кезінде дереу, алдын ала ескертусіз дилерлік орталықты (немесе оның кез келген бөлігін) жабуға құқылы. 

 

КАРАНТИНДІК РЕЖИМ УАҚЫТЫНДА

ДИЛЕРЛІК ОРТАЛЫҚҚА КЕЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

  1. Арнайы ертіп жүру қажет болмаса, дилерлік орталыққа мүмкіндігінше өзіңізбен адамдарды ертіп әкелмеуге кеңес береміз;
  2. Суық тию белгілері болса және/немесе дене температураңыз көтеріңкі болса, дилерлік орталыққа келмей тұра тұруыңызды сұраймыз;
  3. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін және COVID-19 алдын алу үшін дилерлік орталыққа келгенде әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және міндетті түрде бетперде тағуға кеңес береміз. 
  4. Сонымен қатар қол алыспауға кеңес береміз. Дилерлік орталыққа кіргенде қолыңызды антисептикалық заттармен зарарсыздандыруыңызға және температураңызды тексеруіңізге болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  1. Осы «Дилерлік орталыққа келу ережелері» дилерлік орталықпен жасалатын жария шарттардың (сатып алу-сату, сервистік (жөндеу) қызметтерді көрсету, қосалқы бөлшектерді жеткізу және т.с.с.) міндетті талаптары болып табылады және дилерлік орталықтарға келушілердің барлығына қолданылады.
  2. Дилерлік орталыққа келуі арқылы келуші осы «Дилерлік орталыққа келу ережелерімен» келіседі, оларды қабылдайды және оларды бұлжытпай орындауға міндеттенеді.
  3. Дилерлік орталықтың қызметкерлері мен келушілерінің және/немесе үшінші тұлғалардың қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың денсаулығының, өмірінің, мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дилерлік орталықтың күзет қызметкерлері «Дилерлік орталыққа келу ережелерінің» бұзылуы туралы хабардар етуге/ескертуге, келушілерден дилерлік орталықтан кетуін сұрауға, сондай-ақ басқа да қажетті және заңды шараларды қабылдауға құқылы. Қоғамдық тәртіп пен «Дилерлік орталыққа келу ережелерін» бұзғаны үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапкершілік қарастырылған.
  4. Кез келген келуші осы «Дилерлік орталыққа келу ережелерімен» компанияның ресми сайтында, дилерлік орталықтың клиенттік аймағында, ресепшенінде немесе қабылдау аймағында таныса алады.